«Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы»

0
328

«Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Дәулет Күлумбаев, сарапшысы Диана Алтыбаева ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қолдауымен елдегі коррупцияға қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында жастарды жұмылдыруға бағытталған «Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы» атты акцияның басталғанын хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болатын  арнайы 1463 колл центрі қосылды, сонымен қатар жастардан хабарламаларды қабылдап, өзекті жаңалықтарды жеткізетін ұйымның әлеуметтік желідегі парақшалары ашылды.

Акция аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылыды.  Бұл  өз кезегінде  студент жастарды акцияға жұмылдырып, ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі – оның кешенді сипатында. Мемлекеттің ғана емес, бүкіл азаматтық қоғамның шоғырландырылған күш-жігері қажет. Сондықтан біз «Әділдік жолымен» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойдық. Меморандумның басты мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың студенттері мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады,  – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Акция ұйымдастырушылары «Әділдік Жолы» РҚБ атынан Ғылым және жоғары білім министріне ашықтығы, акцияны қолдауға және іс жүзінде өзінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын көрсетуге дайын екендігі үшін алғыс білдірді.

Акция бастамашылары, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалар байқауының басталғанын жариялады. Онда әрбір жас сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз көзқарасын ұсына алады.

РҚБ атқарушы директоры Д.Смағұловтың айтуынша, өтінімдер info@adildik.kz электронды мекен-жайына   қабылданады. Одан кейін байқау комиссиясы еліміздің әр өңіріндегі үздік жұмыстарды таңдап, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар, кейбір идеялар эксперименттік пилоттық жобалар ретінде жүзеге асырылады, яғни жастар өз ұсыныстарының жүзеге асуын өз көздерімен көре алады.

«Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Д.Смағұлов барша қазақстандық жастарды осы акцияны жүзеге асыруға белсене атсалысуға шақырды, өйткені Әділетті Қазақстанның қалыптасуы әрбір азаматқа,  соның ішінде бірінші кезекте  жастарға байланысты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ