Нар тәуекел!

0
299

«АМАNАТ» партиясынан Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды штабының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Облыстық сайлауалды штабының төрағасы Ермек Келемсейіт:

– Біз 2027 жылға дейінгі облыстық сайлауалды бағдарламамызды дайындадық. Бағдарламамыз түрлі саланы қамтыған. Өңірімізде жаңа жұмыс орындарының құрылуына, тұрғындардың табыс көзін арттыруға, жаңа нысандардың ашылуына ықпал етуге бар күш-жігерімізді салуымыз керек, – деді.

Партия филиалдарынан  251  кандидат сайлауға түспек. Оның ішінде 1– Парламент Мәжілісіне, 16 – облыстық мәслихатқа, 28 – қалалық және 104 аудандық мәслихаттарға.  Партиялық тізім бойынша Мәжіліске 2 кандидат, облыстық мәслихатқа 33 кандидат. Партия  мүшелері үгіт-насихат жұмыстары аясында 250 мыңнан астам сайлаушыны қамтитын 1200-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар 418 сайлау учаскесі бойынша 1254 сенім білдірген адамның және байқаушылардың тізімі жасақталған.

«Нар тәуекел» деген ұранмен еліміздегі саяси додаға түскен «AMANAT» партиясы да үгіт-насихат жұмысына кірісіп кетті. Әркімнің таңдау құқығы өз еркінде. Қалың бұқарада бір – арман, бір – мақсат! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, тыныштығымыз ғұмырлы болсын!

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ