Жарқын болашақ үшін

0
531

Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына  кандидат  Руслан  Қожасбаевтың сайлауалды  штабының  ресми  ашылуы өтті.

Онда алдағы  саяси науқанның маңыздылығы сөз болып, елдің экономикалық өрлеу мәселесі қозғалды. Жетісу облысынан бірмандатты сайлау округі бойынша өзін ұсынған Руслан Қожасбаев жиында сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

– Өздеріңіз білесіздер, бизнес саласында жүргеніме біраз уақыт болды. Ауыл, аудандардағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсы білемін. Мені алаңдататыны – елдің несиеге батуы, олардың өмір сүру деңгейінің төмендігі және жастардың бұлыңғыр болашағы, – деген ол аталған ауқымды мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды. Ол үшін алдымен халықтың қаржылық-заңнамалық сауаттылығын көтеріп, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау, сұранысқа ие мамандықты игеру қажет. Сонымен қатар инвесторлар тартып, зауыт, фабрикалар ашу керек.

Облыстық штабта 27 адам жұмыс атқарса, облыс көлемінде 300-ден астам штаб мүшесі тіркелген. Ал 450-ден астам сенімді өкілі бар.

М. ӘНЕРБАЙ.


ПІКІР ЖАЗУ