Жақтастарымен кездесті

0
294

Еліміздің саяси кеңістігінде  жаңадан құрылған «Respublica» партиясы Талдықорғанда  жақтастар  форумын  өткізіп,  алдағы сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарын таныстырды.

Б. Римова атындағы драма театрының сахнасына «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалары Динара Шукижанова, Сырымбек Тау және Парламент Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар шығып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Олардың айтуынша, қазіргідей мың құбылған кезеңде құрылған партияның мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін топтастыруға және ұсынуға арналған саяси күш құру. Соған байланысты партия күшті кәсіпкерлік мәдениетті құруға баса назар аударып, нақты және тұрақты ережелері бар бизнес-ортаны қалыптастыруға күш салады. Одан бөлек, халықтың білімді болуын, денсаулық саласында сапалы өзгерістер қалыптасуын, Қазақ мәдениетін кеңінен қолдану сынды құндылықтарды ұстанады.

Еліміздің барлық өңірінде филиалдарын ашып, арнайы сайлауалды штабтарын жасақтаған «Respublica» партиясы биылғы сайлауға 182 кандидат қатыстырмақшы. Олардың 23-і ҚР Парламенті Мәжілісіне, 159-ы аймақтық мәслихаттарға, ал Жетісу облысында 8 кандидатты облыстық, аудандық мәслихаттарға ұсынып отыр.

М. ӘСЕТҰЛЫ.


ПІКІР ЖАЗУ