«Бизнеске жол» жобасы іске асырылды

0
306

Кәсіпкерлер  құқығын қорғауда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы қызмет департаменті жыл басынан  «Бизнеске жол» жобасын іске асырып келеді. Оның шеңберінде бизнес өкілдеріне нақты мәселелер бойынша практикалық көмек көрсетіліп, талдау арқылы жүйелік проблемалар шешілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  өткен брифингте ҚР Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов  баяндады.

Спикердің сөзінше  ақпан айынан бастап «Бизнеске Жол» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – адал бизнестің құқықтарын қорғау. Оларға  кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою. Осы жоба іске қосылғаннан бері «Антикор» мен табиғи монополия, мемлекеттік бақылау, мемлекеттік қолдау, білім беру, салық салалары бойынша 9 мыңнан астам кәсіпкердің, сонымен бірге  облыстың 125 кәсіпкерін сыртқы жарнамаға салық төлеушілер қатарынан шығару арқылы құқықтары қорғалған. Іс жүзінде салық талап етілмейтін белгі үшін төлемдер алынып, мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығымен бірге фискалдық саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалыпты.

Баяндамашы кейбір жағдайларда кәсіпкерлердің өздері «Антикорға» жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзартудан заңсыз бас тарту, мемлекеттік сатып алу кезінде негізсіз біліктілік талаптары туралы жүгінетінін атап өтті.

«Бизнеске жол» жобасы аясында біз уәкілетті мемлекеттік органдардың  2023 жылдың 1 жартыжылдығына кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспарлы тексерулеріне талдау жасадық. Нәтижесінде субъектіге барумен негізсіз жоспарланған тексерулер алынып тасталды. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай тексеруге бастапқыда қашықтықтан жүргізілмей тыйым салынады. Біздің ұсыныстарымыз бойынша 56 бизнес субъектісі тексеру жоспарынан шығарылды. Сондай-ақ, жаңа талаптарға сәйкес кәсіпкерлермен электрмен жабдықтау шарттарын қайта жасамау фактілері анықталды. Мен облыстың барлық кәсіпкерлерін белсенді азаматтық позицияны көрсетуге, талдау мен мониторингке қатысуға шақырамын», – деді Мақсат Арынханұлы

«АЛАТАУ – АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ