«ИНВОТАКСИ» ҚЫЗМЕТІ 60 МЫҢНАН АСТАМ РЕТ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ.
Жетісу өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар «Инватакси» қызметін тұрақты пайдаланады. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетілген. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың сөзінше, бүгінде облыста арнайы қызмет көрсететін 34 «Инватакси» бар. Өткен жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен 14 жаңа «Инватакси» сатып алынып, нәтижесінде облыста бір жылдың ішінде жекеменшік таксилер саны екі есеге артыпты. 2024 жылы 34 автокөлікпен «Инватакси» қызметін көрсету үшін 306,6 миллион теңге бөлінген.
Облыс аумағында «Инватакси» қызметін 8 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады. Оның екеуі Талдықорған қаласында. Бірі – «Ерлік» мүгедектер қоғамдық ұйымы болса, екіншісі «Талдықорған» корпоративтік қорының «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Жалпы, облыс орталығында барлығы 13 мамандандырылған «Инва-такси» көлігі мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді.
Талдықорған қаласының тұрғыны Гүлнар Нұрғалиева бірнеше жылдан бері «Инватакси» қызметін пайдаланып келеді. Осы әлеуметтік қызметтің арқасында арбаға таңылған жан күн сайын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі жұмысқа оңай жетіп, кешкісін үйіне қайтады.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»