НАУБАЙХАНА АШҚАН АРУ

0
31

Ескелді ауданына қарасты Ақын Сара ауылында тұратын Айқамал Хамит бүгінде кәсіп ашып, ауыл тұрғындарын нан түрімен қамтамасыз етіп отыр. Кәсібін ұршықша иірген ол алдымен «Бизнес-бастау» жобасы аясында оқу курсынан өтіп, біліктілігін шыңдаған.Сөйтіп нәтижесінде «Хамит» жеке кәсіпкерлігін ашты. Алдымен 12 бас жылқы сатып алып, бағып-қағады, сосын қымыз өндіреді.
– Қазір ауыл шаруашылығымен айналысу тиімді бизнес. Халық табиғи өнім тұтынуға тырысады. Сол себепті оған сұраныс жоғары. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алдым, – дейді кәсіпкер ару.
Айқамал кейіннен мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару байқауында да жеңіске жеткен. Нәтижесінде наубайхана, шаштараз, «Қазпошта» АҚ пункті сияқты бірнеше нысан ашып, қызмет көрсетуде. Наубайханада күніне 250-ден 500-ге дейін нан шығарылады. Онда 3 адам жұмыс істейді.
– Наубайхана шағын болғанымен жұмыс көп. Өйткені іскер әйелдің өнімдеріне ауылдастары ерекше қызығады. Елді мекенде бизнесті дамыту ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға ықпал етуде. Кәсіпкердің табысты ісі ауданның ғана емес, сондай-ақ, облыстың дамуына да үлес қосады деп білеміз, – дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының салалық даму жөніндегі басқарушы директорының орынбасары Бекмұрат Мұсахан.
Қазіргі уақытта кәсіпкер Ескелді ауданының 4 елді мекенін нанмен қамтамасыз етеді. Шаштараз қызметіне Ақын Сара ауылының тұрғындары ғана емес, жақын маңдағы елді мекен жұртшылығынан да сұраныс жоғары.


ПІКІР ЖАЗУ