АСЫЛБЕК ТОЙЛЫБЕАВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

0
64

28 мамыр күні Талдықорған қаласы Дәнеш Рақышев атындағы филормонияда Жетісудың жалынды әншісі, сахнаның саңлағы атанған – Асылбек Тойлыбаевтің құрметіне «Аққан жұлдыз» атты еске алу кеші өтті.

Ең алдымен әншінің өнерге келген күнінен бастап, өмірден өткен күніне дейінгі сәттерден қысқа бейнематериал көрсетілді. Бар болғаны 39 жыл ғұмырында әнші өнер көгінде еркін самғап, қазақ әндерінің қоржынын өз туындыларымен толықтырған екен. Асылбек Тойлыбаевтың орындауындағы әндерге Д.Рақышев атындағы филармония әншілері қайта жан бітіргендей болды. «Талдықорған — Жетісудың қаласы», «Ғашықпын саған», «Ей досым», «Жүрегі Қазағымның — сен, Астана!», «Ойлайсың ба?» сынды туындылары шырқалды. Бұл әндер тыңдарман жүрегінен орын алып, халық бірге шырқап сағынышын басқандай болды. Аталған іс-шараға әншінің анасы мен сыныптас достары және қала тұрғындары қатысты. Кеш соңында қонақтар сөз сөйлеп, Асылбек Тойлыбаевпен өткен жылы естеліктерін есіне алды.

                                                                                                      Талшын ЕРЛАНҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ