ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ

0
31

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Көксу ауданының Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты ПЧ-45 ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.

 

Шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Дюсебайұлы қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, балаларға ізгі тілектерін жеткізіп, балалардың қауіпсіз әрі бақытты ортада өсуі – баршамыздың басты мақсатымыз екенін айтып өтті.
Ашылу салтанаты барысында балаларға түрлі сый-сияпаттар табысталып, ойыншықтар мен доптар таратылды. Сонымен қатар, аудан өнерпаздарының концерті мерекеге ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады. Жаңа ойын алаңы балаларға бос уақыттарын көңілді, пайдалы әрі қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Бұл бастама олардың денсаулығын нығайтып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.
Жалпы ауданы 861 шаршы метрді құрайтын ойын алаңына аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «НацСтройЛидер» ЖШС жеңімпаз атанды. Құрылыс жұмыстары 1 сәуірде басталып, 15 сәуірде толығымен аяқталды. Көксу ауданы әкімдігі балалардың жарқын болашағы үшін осындай маңызды жобаларды алдағы уақытта да жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Зарина БЫЖЫБЕК


ПІКІР ЖАЗУ