БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Балпық би ауылында «Асылхан – Ади» жекеменшік балабақшасының салтанатты ашылуы өтті.
Шараға аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы қатысып, бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, ауыл ақсақалы балаларға ақ батасын беріп, балабақшаның лентасы салтанатты түрде кесілді.
Шара соңы бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасымен жалғасып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жаңа балабақша ауылдағы бүлдіршіндерге сапалы тәрбие мен білім беру үшін ашылып отыр.
Зарина БЫЖЫБЕК