БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, М.Сеңгірбаев атындағы саябақта «Біз бақытты баламыз» атты ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов қатысып, бүлдіршіндерді құттықтап, оларға ашық аспан, мықты денсаулық және бақытты балалық шақ тіледі. Сонымен қатар, балаларға сый-сияпаттар табысталды.
Мереке аясында: Ауданның кішкентай өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды; Спорттық ойындар мен жарыстар өткізілді; Аниматорлар балаларды көңілдендірді; Тегін балмұздақ таратылды; Сыйлықтар мен тосынсыйлар үлестірілді; Батут, велосипед, пойыз секілді ойын-сауық құралдары тегін ұсынылды.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышы бұл күнді шынайы мерекеге айналдырды.
Зарина БЫЖЫБЕК