ШЕКАРАШЫЛАР МЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН БІРГЕ АТАП ӨТТІ

0
38

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Сарқан шекара бөлімінің Екіаша және Басқан шекара бөлімшелерінің жеке құрамы Екіаша ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Шараға Екіаша ауылдық округінің әкімі, ауыл тұрғындары және шекара бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Мерекелік басқосу елдік мейрамның маңызын айқындап, әскери қызметшілер мен жергілікті қауымдастық арасындағы байланыс пен патриоттық рухты нығайта түсті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті