ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНЕ ТАНЫСТЫРУ — ЖАС ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ

0
21

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Алтынкөл» (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімінде Пиджим орта мектебінің «Шекарашылардың жас достары» үйірмесінің мүшелері үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Оқушылар шекарашылардың қызметімен танысып, әскери-техникалық жабдықтарды көріп, жауынгерлік даярлыққа арналған оқу-жаттығу бөлмелерін аралады. Шара жасөспірімдердің Отан қорғау ісіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті