БОЛАШАҚ ШЕКАРАШЫЛАР ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА ЕРЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

0
128

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінде Б.Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары батыр Ә.Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай бір күндік танымдық сапар жасады.
Сапар барысында оқушылар шекарашылардың жауынгерлік қызметімен және бөлімшенің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Ә.Молдағұлованың қаһармандық өмір жолы, елге деген адалдығы мен қайсарлығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, жас буынның бойында патриоттық рух пен Отан қорғауға деген ынта күшейе түсті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті