«КҮЗ-2025» ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

0
35

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2025» шақырылымындағы әскери қызметшілердің Отан алдында салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.
Жалпы саны үш жүзден астам жас сарбаз қатысқан рәсімде олар Отанға адал қызмет етуге, Конституция мен заңдарды құрметтеуге, шекара қауіпсіздігін қорғауға ант берді.
Сарбаздар ендігі кезекте Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде бірнеше ай бойы бағытталған әскери мамандықтар бойынша дайындықтан өтіп, жауынгерлік қызметтерін Қазақстанның түкпір-түкпірінде жалғастыратын болады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті