Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ 190 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

0
32

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Достық шекара бөлімінің бөлімшелерінде ұлы ғалым, тарихшы және географ Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай тағылымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Ш.Уәлихановтың өмір жолы, ғылыми еңбектері мен ел тарихындағы ерлігі мен мұрасы кеңінен талқыланды. Шекарашылар ғалымның Отанға адалдық пен білімге деген ұмтылысы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті