ШЕКАРАШЫ АРДАГЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
32

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Сарқан шекара бөлімінің бөлімшелерінде Ауған соғысының ардагері, ҰҚК Шекара қызметінің құрметті ардагері, шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі запастағы полковник Қазақпай Ертышпаевпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ардагер жауынгерлік жолынан сыр шертті, әскери қызметтің қадір-қасиеті мен шекарашы мамандығының жауапкершілігі туралы айтты. Сондай-ақ, жас шекарашыларға Отанға адал қызмет етудің маңызы жөнінде тағылымды кеңестер берілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті