«Қорғас» шекара бөлімшесі – 2025 жылдың үздік шекара бөлімшесі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесі Қазақстан — Қытай шекарасы бойынша 2025 жылғы жауынгерлік қызмет қорытындысымен «Үздік шекара бөлімшесі» атанды.
Аталған номинацияны бөлімше бастығы капитан Нұрсұлтан Саттарханов Астана қаласында өткен салтанатты рәсімде ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Е.Алдажұмановтың қолынан алды. Бұл жетістік жеке құрамның кәсіби даярлығы мен шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жоғары нәтижелерінің айғағы болып табылады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
