«Күз–2025» жас сарбаздары М.Әуезов атындағы мұражайға барды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің «Күз–2025» жас шақырылымы Алакөл мемлекеттік табиғи қоры аумағында орналасқан Мұхтар Әуезов атындағы мұражайға экскурсия жасады.
Сапар барысында сарбаздар ұлы жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысты. Іс-шара жас сарбаздардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
