-ге жуық жетісулық мемлекеттік наградалармен марапатталды

0
34

Жетісу облысында Республика күніне орай түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген елуге жуық жетісулық азамат мемлекеттік марапаттарға, сол сияқты «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы академиялық драма театры ғимаратында өткен салтанатты жиында наградаларды облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік шара жергілікті өнер ұжымдарының концертімен жалғасты. Еліміздің басты мерекесіне орай шараға арнайы келген және марапат алған еңбек озаттары облыс экономикасының әр саласының майталмандары. Ауыл шаруашылық мамандары, дәрігергер, білім саласы, өнер адамдары болсын соңғы жылдары елімізде болып жатқан халық игілігі үшін жасалып жатқан оңды өзгерістерді қуаттайтынын, жол, емхана, жаңа мектептер салынып, газ тартылып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, ауызсу мәселесінің шешілуі мемлекет басшысының саясатын қолдап-қуаттаудың нәтижесі екенін айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатты.