6485 медицина қызметкері үстемақы мен сыйақы алды

0
1664

Облыстық мәслихаттың кезекті 62-сессиясында депутаттар алдында өңірдің дамуы туралы есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов биыл өңірде 12,9 млрд теңгеге 17 денсаулық сақтау нысаны салынуда екенін, 7 нысанның күрделі жөндеуіне 3,0 млрд теңге бөлінгенін айтты. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, Жамбыл ауда-нындағы перзентхана мен Көксу ауданындағы дәрігерлік амбулатория, Талдықорғандағы 200 төсектік, барлық қажетті заманауи құралдар мен жаб-дықталған және штаты жинақталған (452 медперсонал) модульді жұқпалы аурулар ауруханасы қолданысқа берілді.
Амандық Баталовтың айтуынша, облыста эпиде-миологиялық жағдай тұрақты. Коронавируспен ауырғандар санының соңғы аптадағы өсу қарқыны — 0,1%. Қазіргі кезде 115 адам ем қабылдап жатыр.
Мемлекет басшысының тап-сырмасына сәйкес індетпен күреске жергілікті бюджеттен 13 млрд. теңге бөлінді, соның 8,1 млрд. теңгесі екінші толқынына дайындыққа қарастырылған. 3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты, 150 ИВЛ аппараты және басқа да медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар демеушілер көмегімен 31 ИВЛ аппараты, 510 кислород концентраторлары, 22 санитарлық автокөлік, 208,3 мың жеке қорғаныс құралдары алынды. 180 жедел жәрдем көлігі, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Жедел жәрдем бригадасының саны 165-тен 205-ке жеткізілді.
Облыста қуаты тәулігіне 4,5 мың зерттеу жасауға жететін 8 зертхана бар (4 — ММ, 4 коммерциялық). Оларда барлығы 207 мың ПЦР-зерттеу жасалған.
«Кадр мәселесі де шешілуде. Медицина мамандарын С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен бірлесіп дайындау мақсатында 274 дәрігер оқытылды. Медицина мамандарының тұрғын үй мәселелерін шешу үшін биылғы жылы 756 млн.теңгеге 127 пәтер сатып алынды, жыл соңына дейін тағы 64 маманды баспанамен қамтамасыз етеміз. Келесі жылы медицина қызметкерлері үшін Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй салынатын болады. Сол сияқты 5362 маман 4,7 млрд. теңге сомасында үстемақы алды, 1123 қызметкерге жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 137 млн.тг. болатын сыйақы берілді. Індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары ерекше бақылауда», – деді А. Баталов.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ