Құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру

0
1465

Осындай тақырыпты арқау еткен Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарына арналған онлайн вебинар өтті. Аталған шара облыстың «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асты.

Тренингті өткізудегі мақсат — облыстағы үкіметтік емес ұйымдар әлеуетін арттырып, құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру. Вебинарда Алматы облысы заң консультанттары палатасының төрағасы Александр Ким білгенімен бөлісті.
Әрбір азамат заңды білсе өзіне де, өмір сүріп отырған ортаға да қолайлы екені бәрімізге мәлім. Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деген болатын. Ал, маңызды шешімдер қабылдау үшін заңды білу ең бірінші орындалатын талаптардың бірі,– деді тренер.
Осындай тамаша вебинар үшін қатысушылар жоба ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Л. АЙДЫНҚЫЗЫ.


ПІКІР ЖАЗУ