Көксудағы келелі істер

0
2048

Алматы облысының орталығына жақын орналасқан аудандардың бірі де, бірегейі, Социалистік Еңбек ері Зылиха Тамшыбаева, Ұлы Отан Соғысының батыры Мұсабек Сеңгірбаевтай тұлғалар мекен еткен Көксу ауданы туралы ауыз толтырып айтуға болады. Екі мәрте Социалистік Еңбек ері, ауылшаруашылығын өркендетуде өлшеусіз еңбек сіңірген Нұрмолда Алдабергеновтың ізбасарымыз дейтін аудан еңбеккерлері бүгінгі заманауи технологияларға арқа сүйейді. Кеңестік дәуірде, колхоздастыру кезеңінде техниканың тапшылығына қарамай, танаптарға арқалап көн төгіп, қызылшадан тау тұрғызған ардагерлердің, еңбек ерлерінің бүгінде көбі өмірден өтіп кетті. Әйтсе де, ұрпақ сабақтастығы үзілген жоқ. «Ата көрген оқ жонып, шеше көрген тон пішіп», көш керуенін тоқтатпаған көксулықтар көл-көсір табысқа кенелуде. Әңгіме арқауы ауыл шаруашылығы мен құрылыс, кәсіпкерлік, инвестиция, ауылды көркейту туралы ауыл еңбеккерлерінің тоғыз айда атқарған тыныс-тіршілігі жайлы болмақ.

Ауыл шаруашылығы –экономиканың маңызды саласы
Заман ағымына қарай бейімделіп, дала жұмыстарымен тыңғылықты айналысып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 17 миллирад 744 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 16637 миллион теңге болған. Демек, өткен жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімінің өсу қарқыны сақталуда. Биылғы жылы ауыл шаруашылығының егістік көлемі 31710 гектарды құраған. Оның ішінде 8739 гектарға егілген дәнді-дақылдардан 18,7 мың тонна астық қырмандарға бастырылып, орташа өнім өнімділігі 21,4 центнерден айналған.
Аудан әкімі Алмас Әділдің айтуынша, мемлекет пен қоғамның сұранысындағы тәтті түбір жоспарланған 2407 гектарға толық себіліп, бүгінде жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Межелі жоспар бойынша 84 мың тоннадан астам өнім алуды көздеген аудан еңбеккерлері 601 гектардан 20 мың тонна тәтті түбірді қант зауытына өткізген. Төрт түлігін өргізіп, мал басының артуына бірден-бір себеп меншіктегі барлық малдың тұқымын асылдандыруды жүзеге асыруда екен. 2000 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысы жалғасуда, мал өсірген соң одан өнім алу басты міндет. Бұл өнеркәсіп саласына жатады. Аудан бойынша 10 миллирад 869 миллион теңгенің өнімі өндірілді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 10874 миллион теңге болған. Индекс көлемінің төмендеу себебі қант қызылшасы зауытында өндірілген қант көлемінің басты бөлігі 2019 жылы өндіріліп, 2020 жылы оның көлемі 1782 тоннаны ғана құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1993 тоннаға кем болса, биылғы жылға жоспарланған қант зауытының өндірісі әлемді дүрліктірген індет пандемия салдарынан жүзеге аспапты. Дей тұрғанмен, қалған өнеркәсіп өнімдерінің көрсеткіштерінде бірқатар өсім бар.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Шағын кәсіппен айналыссам, кәсібімді ұлғайтсам дегендерге мемлекет барлық жағдай жасауда. Істің көзін тапқандар бірін екіге жалғаған кәсіптерін дөңгелетуде. Ол ауыл шаруашылығында, құрылыста, тағы басқа салаларда баршылық. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлікте 9913 адам жұмыс жасайды (экономикалық белсенді халық санынан -46,7%). Бұл тұғырда шағын кәсіпкерлер өндірген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 9 миллиард 887 миллион теңге. Ал, 2019 жылы 5022 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Биыл бюджетке 519,1 миллион теңге салықтық түсім түссе, өткен жылы 491,3 миллион теңге болған. Сондай-ақ, бөлшек сауда айналымының көлемі сәйкес мерзімде 3 миллиард 94 миллион теңгені құрап, бұл көрсеткіш 100 пайызға орындалған.

Құрылыс жұмысы қарқынды
Нарық заманында қарқынды дамыған саланың бірі – құрылыс. Сәулетті ғимараттармен, зеңбір көкпен таласа бой түзеген көпқабатты баспаналар мен түрлі спорттық кешендер бой түзеуде. Бұл бағытта да аудан көлеміндегі атқарылған шаруалар аз емес-ті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд.167 теңгені құрап, (2019 ж.5874,1 млн.тг), нақты көлем көрсеткіші 127,8 пайызға орындалған. Тұрғын үйлерді іске қосу көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 1811 шаршы метрге артық орындалыпты. Мәселен, 2019 ж-2728 ш.м. 2020 ж-4539 ш.м. баспана салынған. Биыл Балпық би ауылында 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы мен инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыстың аяқталуы осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысы үшін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталса, оның сыртында 20 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткен. Сол Балпық би ауылындағы төрт бөлмелі 21 жалгерлік тұрғын үйдің, (әрқайсысы 80 м2-10 үй және әрқайсысы 100 м2-11 үй) 60 және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама дайындалуда. Қосымша, жеке инвестордың қаражаты есебінен Балпық би ауылында 30 пәтерлі тұрғын үйдің және 10 жеке тұрғын үйдің құрылыстары аяқталды. Осы үйлердегі пәтерлер «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары арқылы сатылады. Сонымен қатар, Балпық би ауылында 20 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жылдың аяғына дейін аяқталады деп күтілуде. Әлеуметтік салаға қатысты дәрігер мамандарға арнайы 3 үй осы жылдың қараша айында сатып берілетіндігін айтады аудан әкімі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Балпық би ауылының орталық бөлігі су жүйесінің қайта жаңғырту жұмыстары және «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Балпық би ауылындағы орталық қазандықты кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Әрі Балпық би ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің алаңда-рын абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша Қаблиса жырау, Дарабоз ана және Әуезов көшелерінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл ауылда газдандыру жұмыстары жалғастырылып, бүгінгі күнге 19,6 шақырым орта қысымды, 63,1 шақырым төменгі қысымды газ құбыры тартылып, бүгінгі күнге 2000 тұрғын үйдің алдына жеткізілді. Қазіргі таңда жоспар бойынша 3 354 газға қосылуы тиіс болса, 708 абонент табиғи газ жүйесіне қосылыпты. Сондай-ақ, аудандағы төрт елді мекенде газификациялау жұмыстары (Мұқыры, Жамбыл, Бесқайнар, Мәмбет) жүргізілуде.

Жергілікті маңызы бар жолдар жөнделуде
Елді мекендердің сұрқын қашырып тұрған тағы бір өзекті мәселе – ауыл көшелері. Ауылдың көркі жақсы болғанымен, оған қатынайтын күре жолдар бұрынғы жылдары қаржы тапшылығынан назардан тыс қалып келді. Соңғы төрт-бес жылда бұл мәселелердің де түйіні тарқатылып келеді. «Ақбұлақ» бағдарламасымен ауыз су мәселесі шешілсе, енді ауданның және ауыл-аймақтардағы маңызды жолдар қайта қалпына келтірілуде. Биылғы жылы ауданның ішкі жолдарын жөндеуге барлығы 1 миллиард 256 миллион (оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 249,9 миллион) теңге бөлінді. «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 160,9 млн. теңге, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 844,9 млн. теңге бөлініп, Балпық би ауылындағы Амангелді көшесінің жолына күрделі жөндеу жұмыстары және 14 елді мекенінің 74 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында ауданда 976,6 млн.теңге болатын 4 жоба бойынша Ақшатоған ауылындағы №5 орта мектепке күрделі жөндеу, Балпық би ауылындағы жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары, Ақшатоған және Балпық би ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Балпық би ауылында 2019 жылы басталған сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталса, жұмыспен қамтудың жол картасымен 5 млрд. 518 млн. теңгеге 33 жоба іске асырылып, 14 жоба бойынша жұмыстар аяқталған.

Ел экономикасының бір көзі инвестиция
Аудан экономикасының күре-тамырындағы қан айналымының басты көзі – салықтық түсім. Бюджеттің бүйірі де осыған қатысты, әрі экономиканың өсіп өркендеуі де осыған байланысты. Демек, ел экономикасының бір көзі инвестицияда жатыр. Бұл орайда, ағымдағы жылдың есепті айында аудан экономикасына 5 млрд. 705 млн. теңге инвестиция (2019ж. 5414 млн.тг.) тартылып, нақты индекс көлемі 103,6 пайызға орындалған.
Салық және басқа да бюджетке түсетін міндетті төлемдерді жинау болжамы 110,2 пайызға орындалған. Жыл соңына дейін жоспарланған 2 млрд. 419 млн.теңге көлемінде салық түсімдерін жинау көзделген. 1 қазанға дейінгі аудан бюджетінің шығыс бөлігі 99,6% -ға игерілді.

Әлеуметтік саланың әлеуеті
Әлеуметтік салада халықты жұмыспен қамту шаралары аясында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 2023 жұмыссыздың 1029-ы жұмысқа орналастырылған. 750 жұмыс орны ашылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының кешенді жоспарына сәйкес 2020 жылдың 1 қазанына 1098 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, бұл көрсеткіш 1354 адамға ұлғайды. Жалпы, бағдарлама аясында 2058 адам қамтылып, бірінші бағыт бойынша 230 азаматты қысқа мерзімді қайта даярлау курсына жіберу жоспарланып, тамыз айында 235 адамға жолдама берілді. Екінші бағыт бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында бағдарламаға қатысушы 90 адам кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға жіберілді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты 90 адамның 64-і алды. Ал, 50 адам 158,4 млн.теңге көлемінде несие алған. Үшінші бағыт бойынша 50 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 108 түлек жастар тәжірибесіне (жоспар 77 адам), 607 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмысқа жіберілсе, инфрақұрылымдық жобаларға 657 жұмыс орны құрылған. Оған 260 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасса, бос жұмыс орындарына 297 адам жұмысқа тарлылған. Сонымен қатар, апатты жағдайдағы мектептердің санын азайту мақсатында 2020 жылы Қызылтоған ауылында 120 орындық мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген.Сондай-ақ, Қазақстанның 10 жылдығы ауылында 120 орындық орта мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайндалып, сараптамадан өтті. Бесқайнар, Қазақстанның 10 жылдығы, Қаратал ауылдарында 25 орындық шағын орталығымен, 120 орындық орта мектептердің және Мәмбет ауылындағы интернат ғимаратына, ас блогы-асхана ғимаратының құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда.

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ