Өндіріске жаңа технология енгізіледі

0
2719

 «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мұрат Әубакіров,  партияның сенімді өкілі Құрманжан Ахметқалиев Панфилов ауданындағы «Алтын» сауда үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Істің бағасын беру үшін оның қалай аяқталарынан емес, қалай басталғанына назар аудару керек» демекші, үміткерлер сауда үйіне келушілер мен сонда нәпақасын тауып жүргендерге  партияның осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын баяндады. Әрине, кешегі күн тарих болғанымен, тарихтың маңызын ондағы нақ шешімдер мен сүбелі қарекеттер айшықтайды. Мәселен, «Nur Otan» партиясы ел айқындағандай, халықтық партия. Одан бөлек «нақ істердің партиясы» деген атауы да бар. Бұл атаулар тегін берілген жоқ. Әр істің басы-қасында жүріп, бастамашы болғандықтан айқындалған атау. Мәселен, партия қай кезде де халыққа болысып келеді. Өйткені, партия ұлық көретін жайт елдің егемендігі мен ел келешегі һәм мемлекеттің дамуы. Бұл жолда нұротандықтар аянып жатқан жоқ. Ал алда атқарар шаруаларын да қос үміткер жіпке тізгендей сауда үйіндегілерді таныстырды.

«Қоғам «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақ істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді», – деді Мұрат Әубакіров.

Өңірдің сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, алдағы жылы 69,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Оның үштен бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы негізінде жүзеге аспақ. Сондай-ақ, мал, өсімдік шаруашылықтарын ілгерілету де партия назарынан тыс қалмайды. Мәселен, қосымша суармалы 5,7 мың га жерді іске қосып, 67 мың га суармалы жер қайта қалпына келтірілмек. Суармалы егіншіліктің де жылдан-жылға өз қиыншылығы туындап келетіні  байқалуда. Осы ретте 163,1 мың га жерге ылғал үнемдеу технологиясын қолдану көзделсе, тамшылатып суару әдісі арқылы егін егу көлемін 13,8 мың га жерге жеткізу сайлауалды бағдарлама арқылы жүзеге аспақ. Партияның сенімді өкілдері мұны да нығырлап айтты.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.  


ПІКІР ЖАЗУ