Індет өршіп, той-томалақ тоқтамай тұр

0
1224

Адамзат баласының  қатерлі дертке  бой үйретіп алғаны соншалық, қорқып, үркуді қойған. «COVID-19» бен пандемияның алуан түрлі мутациялары өршіп барады, адам шығыны көбеюде деп дабыл қақса да,  той-тойлаудан өзгелерге бәйге бермейтін қазекем алдарына жан салмай тұр.

Алматы облысында мониторингтік топ карантин кезінде той өткізудің 233-ің жолын кескен.  Республика бойынша  Нұр-сұлтан  және Алматы қалаларымен бірқатар облыстарда індеттің өршуі қызыл аймақтан өтіп, қоңыр-қызыл аймаққа өткен-ді. Қалың бұқараның денсаулығын жіті бақылауға байланысты «Халықтың санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шара-лардың сақталуын бақылау мақсатында Алматы облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанынан 268 мониторингтік топ құрылған болатын. Осы айтулы мониторингтік топ  жыл басынан бері  28 463 рейд жүргізіп, 152 288 нысанды қамтып, 1369 карантин режимін бұзу фактісін анықтаған. Қадағалау нәтижесінде 735 нысанға 89 миллион теңгеге айыппұл салынған. Оның 233-і жаппай отбасылық және ұжымдық іс-шараларды, яғни, той, қыз ұзату, құдалық және туған күндер   өткізу бойынша қоғамдық та-мақтану нысандарында анықталған. Бұдан бөлек жеке тұрғындарға, індеттің қатты өршуіне байланысты карантин мен бетперде режимін сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға 592 хаттама толтырылған.

«Құдайда сақтанғанды сақтаймын» дегенін біздің қазекеңдер кұлақтарына қыстырмапты. Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық ба-қылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  2020 жылдың қараша айының басынан бүгінгі күнге дейін Еңбекшіқазақ (13), Ескелді (1), Жамбыл (2), Талғар (4) аудандары мен Қапшағай (1), Талдықорған (6), Текелі (1) қалаларында, 28 шағын кәсіпкерлік нысанындарында   құқық бұзушылық фактісі анықталғанын айтуда. 18 ны-сан бойынша аумақтық прокуратура органдарына хат жолданып, 16 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп,  жеке тұлғаларға – 57.992.60 теңге сомасында 12 хаттама толтырылған. Өңірдегі үйлестіру орталықтарының атқарған жұмыстарының нәтижесінде жыл басынан бері орталыққа  156 шұғыл хабарлама түскен. Тексеріс барысында карантин талаптарын бұзу дерегінің 90 жағдайы қоғамдық тамақтану нысандарында болғандығы  анықталған. Қыркүйектің 2-4  аралығындағы ақпаратта облыс бойынша карантин талаптарын бұзғандарға 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Бүгінгі таңда  8265 нысан «Аshyq» жобасы арқылы өз қызметтерін жалғастыруда. Аталған бастаманың мониторинг топтарымен 4376  нысан тексерістен өтіп, жұмыс алгоритмін бұзған 994 нысан анықталған. QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 1867 келуші анықталған. Оның ішінде «қызыл» мәртебе 1507 келушіде, «сары» мәртебе 621 келушіде тіркелген. Еңбекшіқазақ  Жамбыл, Іле, Кербұлақ аудандарымен, Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалаларында  2 975 340 теңге сомасына 68 әкімшілік жаза қолданылған «Ashyq»-тағы  көрсеткіштер Жетісу өңірінде әлі де эпидахуалдың оңалмағандығын айқындаған.  Соңғы тәуліктің өзінде  279 адам вирус жұқтырған. Жалпы,  рес-публика бойынша,  коронавирустан қорғану мақсатында екпенің І компонентімен 690 743  адам егілген. Вакцинаның екінші бөлігін 574 047 тұрғын қабылдады дейді  аталған ведомствоның баспасөз қызметі. Әлемді үрей құшағында ұстаған тәжтажалдыңтекпіні әзірге  басылар емес. Ақпарат құралдарында Индияда вирустың тағы бір жаңа түрі өршігені айтылуда. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығы үшін денсаулық сақтау министрлігі жүктеген әрі міндеттеген екпені уақытылы қабылдап, карантиндік талаптардың шартын бұзбағаны абзал. Алайда, оған құлақ асып жатқан жандар өкінішке қарай некен саяқ болып тұр. Тығылып той жасап, ас берушілер торға түскен торғайдай тұтылып жатыр. Тіпті той жасағандар мен мейрамхана қожайындарына үлкен көлемде айыппұлдар салынып, тойға барған әр адам басына 80000 теңге айыппұл салынады десе де айылдарын жияр емес.

Айтақын МҰХАМАДИ

 

 


ПІКІР ЖАЗУ