Алғашқы көмек көрсетуді үйренді

0
1215

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағын Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай гуманитарлық ұйымының волонтерлері жүргізді. Балалар жүрек массажын және жасанды тыныс алуды дұрыс орындауды, таңғыштарды қолдануды үйренді, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу туралы көп мағлұмат алды.
NIS оқушылары үшін ақпарат өте пайдалы болды. Зияткерлердің айтуынша, олар алғашқы көмек көрсету дағдыларын дамытуға дайын.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ