ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ

0
1080

Талдықорған  қаласындағы  «Жастар» спорт сарайында Еркін күрестен облыстық чемпионат өтті.

Жарысқа аудан және қалалардан  5 команда қатысып, 40-қа  жуық спортшы атсалысты.  Жарыс нәтижесінде  57 келідегі салмақта  алаңға шыққан Мұхтар Ерасыл 1 орынды иеленсе, 2 орынға Ерғазы Баратқазы лайық деп табылды. Ал  3 орынды  Республикалық спорт колледжінен келген Али Максетов қанағат тұтты.  61 келі арасында Дастанбек Өсімжан 1 орынға, Ескелді ауданының спортшысы Алинұр Амантай 2 орынға, Жандос Исмайлов 3 орынға ие болды. 65 келі салмақтағы спортшылар арасынан 1 орынға талдықорғандық Шаттық Алайдар, 2 орынға қарасайлық Дәулет Ерімбетов, 3 орынға Жұман Кәшімбай лайық деп табылды. 70 келідегі спортшылар ішінен 1 орынды Еркебұлан Тәңірберген  жеңіп алса, 2 орынды Кербұлақ ауданынан келген Дидар Нұрахмет, 3 орынды Ақсулық Нұрхат Тұсығазы иеленді. Ал, 74 келіде бақ сынағандар арасынан 1 орынға Ербарыс Сатыбалды суырылып шықса, 2 орынды Айдын Ақбай жеңіп алды. 86 келідегі спортшылар арасынан қарасайлық Диас Оразқұл 1 орынды  иеленсе, 2 орынға Ескелді ауданының спортшысы Думан Әбілғазы жайғасты. 97 келі салмақта талдықорғандық спортшы Дидар Мұхаметқали 1 орын  жеңімпазы атанды. Жарыстан озып шыққан жеңімпаздарға медаль мен грамоталар табыс етілді.

Айнұр БЕКМОЛДИНА


ПІКІР ЖАЗУ