Ардагерді еске алу турнирі

Панфилов ауданында мемлекеттік қызмет саласының ардагері Рахманқұл Ақанұлы
еске алуға арналған волейболдан мемлекеттік қызметкерлер арасындағы дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті.
Ауданның мемлекеттік қызметкерлерінен жасақталған бірнеше команда қатысып, бас жүлдені сарапқа салған дәстүрлі турнирдің әрбір ойыны шиеленіскен тартысты жағдайда өтіп, алаңдағы ойыншылар мазмұнды ойын өрнектерімен ерекшеленіп, жеңіске деген жігер таныта білді. Осылайша, жиналған көрермендерге ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шешуші ойынын сәтті өткізген Алынкөл стансасының волейболшылары жеңімпаз атанды. Екінші орынға «Нұржолы» ұжымы жайғасты. Үшінші орынды «Алтынүй» командасы иеленді.
Ардагерлеріміздің өнегелі жолы — жас ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге! Ел игілігі жолындағы ерен еңбектеріңізбен қоса спортты да серік етіп, салауатты өмір салтын орнықтыруға қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Сержан Әбілғазы







