«Алматы-Болашақ» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында «Өлке тынысы» ЖШС-ның комплаенс-офицері Жанар Хабасова «Алматы-Болашақ» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның нормалары түсіндірілді. Сондай-ақ комплаенс қызметі, оның өкілеттіктері мен құқықтары, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында тапсырыс беруші, жеткізуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қажеттілігі айтылды. Басқосуда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы No 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы бойынша сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау және алдын алу мәселелері де қозғалды.