Қыс келеді, қамданып қал ағайын

0
426

«Шапқан аттай, атқан оқтай»  зуылдап  үш ай, тоқсан жазыңыз да өтті, кетті. Енді диқан қауымы үшін жиын-терін науқаны басталады. Бұл дегеніңіз, иек астында «қылышын сүйретіп  қыс келеді» деген сөз. Қамданған қыстан қысылмай шығып, қамданбағандар:

«Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған» деп  Крылов айтқандай,  көк тайғақ аязда «жиде» қағып тоңатыны айдан анық.

Алатаудың  басына қар түспей тұрып  айбалтасын сайлайтын Жетісу жұрты, қатты отын  алу үшін  көмір  қоймаларының алдында   ұзынсонар кезекке  тұрып, алқымға пышақ тақалғанда бақылдаған ешкінің күйін кешіп зыр жүгіретін күн жақындап келеді. Жылыту маусымына Талдықорған қаласының дайындығы туралы  қала әкімі Әсет Дүйсебекұлы Масабаев журналистер үйінде өткен жиында баяндап, тілшілер мен блогерлердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Асыра мақтады демеңіз,  Талдықорған қаласының  әкімі Әсет Дүйсебекұлының  іскерлігіне «тфәй-тфәй» тіл көзіміз тимесін,  қала жұрты да, бұқаралық ақпарат құралдары  да  дән   риза  болып тұр. Бұған дейінгі қаланы басқарған әкімдер дәл Әсет Масабаевтай тамыз айында қаланың қысқа дайындығы жөнінде есеп бермеген. Тек  қала жұрты мен қарбаласқа түскен жақын маңдағы аудан тұрғындары арасында қатты отынға талас-тартыс туындағанда, қоймаларда қанша көмір қоры бары айтылып, қалғаны  жолда келе жатыр, ел-жұрт көмірді күн жылыда түсіріп алмай, қара суық түскенде қарекет жасайды деп жазғыратын. Өткенге топырақ шашу ойымызда жоқ, болған жайды баяндап жатқанымызға тіліміз жазықты болмас.

Сонымен қала әкімінің баяндауынша  жылыту маусымы Талдықорған қаласында 2021 жылдың 7 қазанынан ағымдағы жылдың 6  сәуіріне дейін тұрақты режимде өткені айтылып, жылу көздері  мен  жылу желілерінде температуралық режим бекітілген кестеге сәйкес сақталғаны баяндалды. Жылыту кезеңінде 573,0 мың Гкал жылу энергиясы өндіріліп, 38,5 млн. кВт электр энергиясы, 16,4 млн/м3 табиғи газ, 124,3 мың   қатты отын және 1,5 мың тонна мазут тұтынылған деді. Әрбір кәсіпорын бойынша жеке тоқталып, слайд  арқылы, «Талдықорған жылу сервисі» КМК құрамына 10 қазандық кіретінін, жалпы қуаты   457,95   Гкал (1 ірі, 4 орамдық, 5 шағын қуаттылық) сағатына және жылу желілеріне ұзындығы  179,3 км (32 мм-ден 920 мм-ге дейін). Желілердің тозуы 55% немесе 96,6 км құрайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ  2021-2022 жж. жылыту маусымы басталғаннан бері 45 өтінім келіп түсті, тіркелген апаттар жоқ. Жөндеу жұмыстары бойынша:

Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, жылу желілерінде жоспарлы реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары – 51,3 млн. теңге, ұзындығы 6,8 км, енді жері 3,9 км-дей келе  учаскелер тізбесін жариялады.  Онда  Ләззат Асанова, Қабанбай батыр, Ғали Орманов, Шевченко, Ақын Сара, Ярославский және Терешков көшелерінің қилысындағы құбырларды сондай-ақ, «Самал», №16 үйдің жанында, «Жастар», № 7 және 8 үйлер,  №60-61,  №67, «Болашақ», № 23-25,  Назарбаев даңғылы, №122-124, «Төлебаев, Гауһар ана, «Көк-Базар, №88 үйдің жаны, «Қаратал»,  №9-10,  10а, 10Б, «Абылайхан», №241-243-245 үйлер, «Ескелді би», №212, Жетісу, №18-18А, «Восточный», №6-7-8, «Покыршкин ТК17А. Қабанбай батыр-Тк 28, Ескелді би 55М, Қойшыбеков көшелері мен шағын  аудандардағы жылу құбырларына жүргізілген күрделі жөндеулер жайлы айтты.

«Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні» Талдықорған қаласы қысқы маусымға сақадай сай болып тұр. Әсет Дүйсебекұлының айтуынша «Басқуат қазандығының  2 – қазандығына 31,5 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді (бірінші қазандық 100% ға аяқталды, екінші қазандықта монтаждау орындалды).  Бюджет есебінен 624,5 млн. теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. №4 орамдық қазандықты табиғи газға көшіре отырып, бірінші қазанды монтаждау 80%-ға, екінші қазанды монтаждау 10%-ға орындалды. Сондай-ақ жоба шеңберінде Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжА) орнатылады, сумен жабдықтау, су бұру, электр және газбен жабдықтау сыртқы және алаңішілік желілері, авто төгу құрылғысын монтаждау, мазут шаруашылығын монтаждау және тб. жүргізілетін болады деді.

Қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша, «Восток Угол Пром» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, көмір жеткізуге. 2022-2023 жылдарға  арналған жоспар  200,0 мың тоннаны құрайды. Қазір көмір қабылдайтын орындарда  41,9 мың тонна  көмір  бар.  Жеті вагон  немесе 420 тонна көмір күтілуде деген қала әкімі «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ ЖтПФ-мен  табиғи газды жеткізуге келісім  шарт бес жылға жасалған. Ал мазут жеткізуге келісім шарт  тамыз айының соңында жасалады, жоспар 3,4 мың тонна, қоры 1660 тонна болады. Қаладағы су құбыры желілерінің ұзындығы 609,6км. Олардың тозуы  62% немесе 377 км. су бұру желісі – 364,4 км. тозуы  67% немесе 244,1 км. Атқарылған жұмыстар  слайд арқылы көрсетілді.  Мәселен, 2021-2022 жж.   жылыту кезеңінде 41 серпіліс тіркелген, жөндеу жұмыстары бойынша кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жұмыстар жүргізіліп жатқанын, сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау бойынша 82,6 млн. тенге жалпы ұзындығы 3,2 км, орындалғаны 1,2 км. Бюджет  есебінен  912,1 млн. теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде: «Красный Камень»  Д / о  сумен   жабдықтау желілерін салу жоспары – 24 км, орындалғаны – 3,5 км. (сомасы 724,2 млн. 2022 жылға 300 млн. теңге бөлінді.)  «Ащыбұлақ» б/о сумен жабдықтау желілерін салу жоспары 11,5 км. орындалғаны – 9,1 км. (187,9 млн. тг).

Бүгінгі таңда сумен жабдықтау желілері орналасқан  Үйтас, Шайқорған саяжай қоғамдарында, Мереке, үш шаруашылық, Сарыарқа, агроөнеркәсіп, 3-Бөлімше, жалпы ұзындығы кілттер  129,3 км.ТКШ бөлімінің теңгерімінде. Осыған байланысты аталған желілерде техникалық қызмет көрсету жүргізілмейді, бұл мерзімді серпілістерге алып келеді. Осы мәселені шешу үшін жұмыс тобы құрылды және құжаттарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілуде,  кейін «Жетісу Су Арнасы» МҚҚК пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру бойынша жұмыстар жүргізілмек. Сондай-ақ жылу жүйесіне қатысты  қалаға электр энергиясын жеткізу, сатып алу жолымен жүзеге асырылатынын айтып, сыртқы көздерден (Текелі, Қапшағай қалалары солтүстік облыстар, Жамбыл МАЭС  және  көрші  мемлекет Қырғызстаннан) алынатынын айтты.

Жалпы қала бойынша ЭБЖ – 1,1 мың км. (ТКШ теңгерімінде – 589 км), болса, 2021-2022 жылы. жылыту кезеңінде 231 өшірулер тіркелгенін, 2022 жылға арналған жөндеу жұмыстары бойынша: кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 0,4/10 КВ ЭБЖ ағымдағы жөндеу – 468,4 км, орындалғаны – 258,1 км.

– ТП және ТП ағымдағы жөндеу-289 бірлік, орындалғаны – 139 бірлік. Бюджет есебінен 46,6 км электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша 4 ЖСҚ әзірленуде дейкеле қаланың есепке алынбаған 25 көшесінің ұзындығы 13,9 к құрайтынын айтты. Сондай-ақ көгілдір отынмен қамтылған  Талдықорған қаласының   тұрғындары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖтПФ 921,5 км. жоғары, орташа және төмен қысымды газ құбырларын пайдаланады. Газ құбырлары қанағаттанарлық жағдайда. Қаланы  газбен жабдықтау желілерімен қамту  90,3% құрайды, оның ішінде табиғи газға қосылған 29 073 абонент бар. 2021-2022 жж. жылыту маусымында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу филиалына  4,1 мың   өтініш келіп түсті, олар уақытылы орындалды. 2022 жылға араналған жөндеу жұмыстарына қатысты, «ҚАЗТрансГаз-Аймақ» АҚ ЖтПФ есебінен ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Бүгінгі таңда келесі елді мекендерді табиғи газбен қамту мәселелері бар: «Үйтас» Д/о. 2020 жылдың басынан нысанның ҚМЖ басталды, бүгінгі күні нысан аяқталу сатысында. Тапсырыс  берушінің анықталған ескертулері жойылуда; Пригородное, 2020 жылғы шілдеде объектінің ҚМЖ аяқталды. Кейбір атқарушылық-техникалық құжаттамалардың (ИТД) болмауына байланысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жоғарыда аталған газ құбырын теңгерімге алуға және табиғи газды  іске қосуды  жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. «ТВИК» ЖШС мердігерлік ұйыммен атқарушылық-техникалық құжатнама дайындалып жатқанын тілге тиек етті.  Қала әкімі, ақпарат құралдарына қала тұрғындары көмірді қараша, желтоқсан айларында алмай, қазірден мүмкіндіктері болса сатып алғандары дұрыс. Себебі Талдықорған қаласына жақын Сарқан, Ақсу, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары күн суытқанда көмір тасымалдауға көшеді. Сол кезде қарбалас болып, жылдағы дүрбелеңге ілікпей, қазірден бастап қамданғандары дұрыс. Қазір көмірдің шұбаркөл  бағасы 14 400 – 15 000  аралығында. Бұл баға тасымалдауға кірмейді. Оны көмір тасымалдаушылар өздері белгілейтіні  тілге тиек етілді.

А. ДІНИСЛАМ.


ПІКІР ЖАЗУ