Сенатқа депутат болып сайланды

0
381

Жаңадан  құрылған  Жетісу облысының атынан ҚР Парламенті Сенатына 2 депутат сайланды.  Жалпы сайлауға 4 адам кандидат ретінде қатысты.

Жетісу облысының аудан, қала, облыстық  деңгейдегі 138 депутаты осы аталған кандидаттарға дауыс беріп, басым дауысқа  Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов ие болды.

Сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дауытов түсіндіріп өткендей, Ғалиасқар Сарыбаев сенатқа 2020 жылы сайланған кандидаттың орнына, Амангелді Толамисов 2017 жылы сайланған Сенат депутатының орнына барады.

Жаңадан құрылған  үш  облыстан Сенат депутаттығына барлығы 12 кандидат үміткер болған.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ