«Үздік ер адам бейнесі» номинациясын алды

0
462

Қазақ актері Түркиядағы фильм фестивалінде «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын алды.

Түркияның Бурса қаласында өткен «KORKUT ATA» түркі әлемі фильм фестивалінде «Ақ боз үй» фильміндегі Пахраддин образы үшін  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Жалпы, бұл туынды ашаршылық жайлы санаулы фильмдердің бірі. Фильм Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй»  романының желісі бойынша  түсірілген.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ