Бұрса қаласында өткен фестиваль

0
450

Түркі әлемінің мәдени астанасы Бұрса қаласында өткен «Қорқыт ата» түркі әлемі фильм фестивалі мәресіне жетті. Шарада Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой және түркі мемлекеттерінің мәдениет министрлері, ресми өкілдері жеңімпаздарды марапаттады.

Министр Мехмет Нури Ерсой барлық жеңімпаздары құттықтап, аталмыш шараның келесі жылы Әзербайжан республикасының  Шуша  қаласында өтетінін айтты.

Фестивалде қазақстандық режиссер Алексей Каменскийдің «Евразия билеушілері» фильмі екінші орынды иеленді. Сыйлықты фильмнің продюсері Айгүл Черендинова қабылдады.

Сонымен бірге продюсер Қанат Төребай – түркі мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

«Ақ боз үй» фильміндегі Пахраддин образы үшін  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Жалпы, бұл туынды ашаршылық жайлы санаулы фильмдердің бірі. Фильм Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романының желісі бойынша түсірілген.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ