Денсаулық фестивалі өтті

0
558

«Талдықорған» ипподромында «Қысқы денсаулық фестивалі» ұйымдастырылып,  шаңғы  жарысынан ашық чемпионат өтті.  Додаға спорттың осы түрімен шұғылданатын әуесқойлардан бастап,  кәнігі  спортшыларға  дейін  түгел  жиналды.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шарада жасөспірімдер арасында «Қысқы көңілді сөрелер» ұйымдастырылды.

Жарысқа 200-ден аса қала тұрғыны мен қонақтары қатысты. Сайыс жас ерекшелігі бойынша ерлер мен әйелдер арасында өткізілді. Атап айтсақ, ең  жас қатысушы  – 15 жастағы  Бекарыс  Базарбекұлы болса,  ал  ең  үлкені 61 жастағы  Мейрамбай  Әбдісов болды. 2  шақырымға созылған ақтық сында шаңғышылар мәреге бір леппен жетті.

«Маған шаңғы спорты өте қатты ұнайды. Бұл спортпен айналысқаныма 3 жыл болды. Фестивальда  жеңімпаздарды  іріктеп, облыс атынан шығарады. Мен жеңімпаз атанып, қаланың намысын қорғағым келеді. Жарысқа қатысуымның себебі осы»,  – дейді жас шаңғышы Б. Базарбекұлы.

Шаңғы жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бағалы сыйлықтарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар аталмыш шарада  «Үздік ұжым» атанған қалалық №2 орта мектебі арнайы сыйлыққа ие болды.

Жарыс жеңімпаздары  қаңтардың  26-29  күндері  Сарқан  қаласында  өтетін  облыстық жарыста Талдықорған намысын қорғайды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ