Қысқа – нұсқа

0
272

Бізге не жетпейді?

 Үкіметтің кеңейтілген отырысында  қордаланған біраз мәселе айтылды. Соның бірі есебінде Президент елдегі қалалардың бет-бейнесін реттеу керектігін ескертті.  «Шетелде жүргенде көреміз, үйлер тозған, бюджеті әлдеқайда аз. Бірақ соған қарамастан қалалар өте жақсы, таза көрінеді. Бұл – муниципалды биліктің жұмысы. Оған қоса қала тұрғындарының өз көзқарасы бар. Бізге не жетпейді?» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Азық-түлік бағасының шарықтауын сынға алды

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында азық-түлік бағасының шарықтауын сынға алды. «Біз соңғы 15 жылда азық-түлік бағасының бұрын соңды болмаған өсуін көріп отырмыз. Биыл қаңтар айында инфляция 21,3 пайызды құрады, шарықтау шегіне жетті», – деді Президент.

 

Жаңа зауыт ашылады

 Жетісу өңірінде өнеркәсіптік және автомобиль аккумуляторларын шығаратын зауыт ашылады. Бұл жоба екі кезеңде жүзеге асырылады.

 

Қомақты қаржы берілді

«Қазақстан Халқына» қоры Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 614 азаматқа қаржылық демеу берді. Қордың мәліметіне сүйенсек, жалпы соммасы 2 миллиард 434 миллион теңге 614 азаматқа бөлінген. Оның ішінде кездейсоқ қаза тапқан 145 азаматтың отбасына 1 миллиард 15 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетіліп отыр. Ал кездейсоқ қайтыс болған азаматтардың отбасыларындағы кәмелетке толмаған 131 балаға – 262 миллион теңге бөлінді.


ПІКІР ЖАЗУ