Кәсіптің көзін тапқан келіншек

0
350

Ескелді ауданына қарасты  Ақын Сара ауылының  тұрғыны, кәсіпкер  Айқамал Хамит өз бизнесін ашып, ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Ол  «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына қатысып, өзінің кәсіпкерлік біліктілігін шыңдады.  Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Игілік» бағдарламасы бойынша несие алды. Осылайша «Хамит» жеке кәсіпкерлігін ашты. 12 бас жылқы сатып алып, өсіріп, қымыз өндірумен айналысты.

«Мен ауыл шаруашылығымен айналысуды шештім, өйткені бұл қазіргі таңда тиімді бизнес. Халық табиғи өнімдерді тұтынуға тырысады, оған сұраныс бар. Сондықтан   бизнес негіздері бойынша бастапқы білім алып, өз ісімді неге ашпасқа деп ойладым. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алдым»,  – дейді кәсіпкер.

Кейін Айқамал мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару конкурсында жеңіске жетті. Осының  арқасында сол ғимаратта  бірнеше нысан ашылды: наубайхана, шаштараз, «Қазпошта» АҚ пункті.

Наубайханада  күн  сайын 250-ден 500-ге дейін нан шығарады. Онда үш адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі уақытта кәсіпкер Ескелді ауданының төрт елді мекенін нанмен қамтамасыз етеді. Ал,  шаштараз қызметіне Ақын Сара ауылының тұрғындары арасында ғана емес, жақын маңда да сұраныс бар.

 Жетісу облысының  кәсіпкерлік

палатасының баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ