Қысқа – нұсқа

0
253

  Сарқан ауданы тұрғындарымен кездеседі

Жетісу облысының әкімі  Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы 2023 жылғы  20 шілде күні сағат 09:00-де аудандық Мәдениет үйінде (мекенжайы: Сарқан қаласы, Чепрасов көшесі, 18) азаматтар үшін жеке қабылдау және сағат 10.00-де Сарқан ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

98 пәтерлі үй берілді

Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарласы бойынша салынған 5, 7, 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Астананың 25 жылдық мерейтойы қарасаңында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген баспана  кілтін  облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл салтанатты түрде табыстады.

Егін суы тиімді  пайдаланылуда

«ҚазСуШар» ММ-нің Панфилов аудандық филиалы өндірістік учаскесі мұраптарының ұйымшылдықпен атқарған тынымсыз қарекетінің нәтижесінде егін суы тиімді пайдаланылуда. Жыл сайын өңір жүгерішілері шілде айының соңына дейін дақылды алғаш суарып үлгерсе, биыл 3 мың гектардан аса алқап 2 мәрте суарылған. Егін суару жұмысы Үшарал, Үлкеншыған, Бірлік, Басқұншаң және Пенжім ауылдық округтерінде қарқынды жүруде.

Әскери ант қабылдады

Қаратал ауданы Жаңаталап ауылындағы №15603 әскери бөлімінде жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Айбынды армия, әлеуеті мықты ел әскерінің бүгінгі іс-шарасы Әуе Қорғаныс Күштері қатарында өтті.


ПІКІР ЖАЗУ