ЖАТАҚХАНАСЫ БАР КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

0
181

Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 30 орындық жатақханасы бар 100 орынға лайықталған жаңа гуманитарлық колледж ашылды. Бастапқы кезеңде колледжде мектепке дейінгі оқыту, бастауышты оқыту мен оқыту әдістемесі мамандықтары бойынша білім беріледі. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Колледж басшысының м. а. Санат Рамазановтың айтуынша, қазіргі уақытта мұнда 50 студент қабылданған. Оқытушылардың сапалық құрамына: педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор біліктілігі бар оқытушылар жұмысқа қабылданған. Оқу орнында 17 заманауи аудитория, асхана, мәжіліс залы мен спорт залы, медициналық кабинет орналасқан, ал жатақханада жаттығу залы бар. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдайлар қарастырылып, арнайы лифт қойылған. Объектінің жобалық құны 1,6 млрд. теңгеден асады. Құрылысты 2022 жылдың қараша айынан бастап «Жөндеу Құрылыс» ЖШС жүргізді.
Айта кетейік, бүгінде өңір бойынша 4 мектеп ашылды, оның 2-уі бейімделген мектептердің орнына салынған, 2-уі күрделі жөндеуден өткізілген. Сондай-ақ, биыл Талдықорған қаласында музыкалық колледжге арналған 100 орындық жатақхана салынып, пайдалануға берілді.
Облыстық білім басқармасының алдын ала деректері бойынша жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 4 мыңнан астам студент қабылданған, оның 2400-і жұмысшы мамандықтарында оқиды.

«АЛАТАУ — АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ