Еркін ауылының құрылғанына – 90 жыл

0
285

 Талдықорған қаласындағы Еркін ауылының құрылғанына 90 жыл толуына орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерейтойлық салтанатқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, көпшілікті қуаныштарымен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еркін ауылы тарихы ғана емес, өзінің салт-дәстүрі бар, сол дәстүрін қалыптастырған аға ұрпағы бар, елдікті, қазақы мәдениетті сақтаған болмысы бар, айрандай ұйып отырған ауызбірлігі бар қазақы ауылдардың бірі. Мұндай береке-бірлігі мол ауылдың болашағы бұдан да зор болады ғой деп ойлаймын. Президенттің бастамасымен қолға алынып жатқан барлық реформалардың негізгі мақсаты – халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Сондықтан біз қаланың шет аймақтарына соңғы жылдары көп назар аударып, көмек жасап келеміз. Саяжайларға дейін газ жеткіздік, су тартып, жарық беріп, жолын жөндеп жатырмыз. Алдыңғы жылы Еркінге жаңа дәрігерлік амбулатория салдық. Былтыр қабылдауыма келген азаматтардың өтініштеріне орай Еркінге бір мектеп пен мәдениет үйін салып беруге құжаттарын әзірлеп жатырмыз. Келесі жылы осы екі нысанды салып бастаймыз,  –  деп атап өткен облыс әкімі Еркін ауылдық  округінің  қаланың ауыл шаруашылығын дамытуға қосып отырған  үлесін де назардан тыс қалдырған жоқ.

Осы салтанатта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азамат марапатталып, шара одан әрі мерекелік концертпен жалғасты.

90 жылдық мерейлі тойда палуандар арасында «Еркін барысы-2023» облыстық ашық турнир, тоғыз құмалақ, арқан тарту, қой, тоқты көтеру, шахмат, қол күрес, гір тасын көтеруден жарыстар, футбол, волейбол ойындары ұйымдастырылды. Ал қалалық ипподромда 35 шақырымға аламан бәйге, 15 шақырымға құнан» бәйге өтті.

Еркін ауылы – Талдықорған қаласының құрамындағы ауыл, округ орталығы. Еркін алғаш құрылған жылы ауылда 3 мың адам болса, бүгінде  округте 20 мыңға жуық халық тұрады, Еркін ауылының тұрғындар саны 10 мыңнан асты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»   

 


ПІКІР ЖАЗУ