ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

0
244

11 қазан күні «ТАТЭК» АҚ-ның аумағында, Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай, Абылайхан және Алмалы көшелерінің ауданында  терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілуде.

Жаттығу  түрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Осыған байланысты  азаматтарды  жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдарға тартылған қызметшілердің заңды талаптарын орындауды сұрайды.

Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-катерлерге ден қоюға дайындығын тексеру.

Жетісу облыстық терроризмге

қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.

 

1


ПІКІР ЖАЗУ