Меморандумға қол қойылды

0
280

 Қытай Халық Республикасының ШҰАР халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті мен Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы арасында Халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінің Үрімжі қаласында өткен «Қытай-Орталық Азия» форумы барысында қол қойылған меморандумды табысты іске асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша іскерлік байланыстарды дамыту, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаевтың сөзінше, бұл  меморандум екі елдің шағын және орта бизнес субъектілері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ,  сауда саласында серіктестер іздеудің жаңа мүмкіндіктері  ашылады.

Өз кезегінде Қытай халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті басшысының орынбасары Чэнь Цзяньань комитет үкіметтік деңгейде қазақстандық тауар өндірушілердің Қытай және шетел нарықтарына шығу мүмкіндіктерінің спектрін кеңейтуге жәрдемдесуге дайын екенін айтты. Форумға Қазақстаннан ғана емес, Өзбекстан, Ресей, сондай-ақ ТМД мен әлемнің басқа елдерінен өкілдер қатысты.

Халықаралық іс-шараға қатысушылар Шыңжаңда Халықаралық арбитраж платформасын құру сауда даулары бойынша тиімді шешімдерді ілгерілету үшін маңызды екенін атап өтті.  Форум аясында  Қытай халықаралық сауда және экономикалық төрелік комиссиясының Орталық Азия филиалы құрылды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ