Жас шекарашылар өнер көрсетті

0
149

ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл шекара басқармасы «Жас шекарашы» үйірмесінің оқушыларымен «Таңшолпан» телебағдарламасында қонақта болды.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қара шаңырағына Алакөл ауданы Қабанбай ауылы М.Жұмабаев атындағы орта мектептің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы, педагог-сарапшы Д.Молдашев әлеуметтік желілерде қарумен дефиле жасаудан көрермен көзайымына айналған оқушыларымен бірге келді.

Тікелей эфир барысында Алакөл шекара басқармасының бөлім бастығының орынбасары подполковник А.Дәрібаев қырағы шекарашылардың жауынгерлік қызметі туралы ақпарат берді.

М.Жұмабаев атындағы орта мектептің оқушылары ұстаздарымен бірге қарумен дефиле көрсетуден өнерлерін ортаға салды. Мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушылардың нағыз әскери қызметшілер сияқты саптық жаттығуларды бұлжытпай орындаған сәттері қазақстандықтардың көңілінен шықты. Сонымен қатар, оқушылар ҚР ҰҚК Шекара академиясына экскурсия жасады. Оқушылар академияның барлық оқу факультетін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.  ҚР ҰҚК Шекара академиясында Ауған соғысы ардагерлерімен болған кездесуге қатысты.

                       «АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ