«Калашников» автоматын бөлшектеп жинаудан үздік атанды

0
248

Ауған жерінен Кеңес әскерін алып шығуына 35 жыл толуына байланысты Талдыкорған қаласында орналасқан Ұлттық Ұланда ашық есік күні ұйымдастырылды.

Аталмыш әскери бөлімге Талдыкорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары келді. Ұлттық Ұланның жауынгерлері әскери техника мен қаруларды көрсетіп, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін орындады. Сонымен қатар, әскери бөлімдегі кинологиялық қызметті де көрсетті. Саптық алаңда оқушылар мен сол әскери бөлімдегі жауынгерлер арасында «Калашников» автоматын жартылай бөлшектеп жинаудан сайыс өтіп, үздік норматив орындаған оқушылар, оның ішінде Абылай Қасенов, Жансерік  Бекқадыр, Амир Ермуханбетов, Мерей Жұмабай  және Аяулым  Алиевалар  әскери бөлім командирі атынан мадақтама грамотасымен марапатталды.

Көрсетілімнен кейін әскери бөлімнің акт залында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші және концерттік бағдарлама өтті. Сонымен қатар  әскери бөлімнен кетер алдында оқушыларға арналып әскери кешкілік ас та берілді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ