«Жетісу – кітап керуені» жобасы жалғасуда

0
230

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен қолға алынған «Жетісу – кітап керуені» жобасын Талдықорған қалалық Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына кітаптарды сыйға тарту мәдени іс-шарасын өткізді.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы ақын Жангелді Немеребай, Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралақ «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым және «Jetisu» газетінің бас редакторы Жұматай Әміреев арнайы қатысып, бастамаға қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.

Шарада Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбеков «Жақсы адамдарым» әнін, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің ұстазы Төлетай Серіков Жаяу мұсаның әні «Ақ сисаны» орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ән-шашуын тарту етті.

Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Әсет Оразбекұлына «Кітаптарды сыйға тарту» шарасы аясында 100 дана кітапты сыйға тартты.
Айта кетейік, «Жетісу-кітап керуені» жобасы бұған дейін Астана, Алматы қалаларында кең көлемде өткен болатын. Әрі қарай да жалғасын таппақ.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ