ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

0
131

Жетісу облысының зейнеткерлері тегін заңгерлік кеңес алды. Мұндай мүмкіндікті оларға Жетісу облысының Нотариаттық палатасының өкілдері ұсынды.

Игі акция Талдықорған қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтті. Оның қатысушылары өз сұрақтарын қойып, білікті нотариустардан жауап алды. Өтініштердің тақырыбы әртүрлі сипатта болды. Әсіресе, ата-әжелер мұрагерлік құқықтарды ресімдеу және өсиетті ресімдеу мәселелеріне қызығушылық танытты.
Жетісу облысының нотариаттық палатасының төрағасы Арман Бекішбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына көмектеседі. «Жыл сайын акция көмек көрсететін субъектілердің үлкен шеңберін қамтиды деп ойлаймын. Біздің есігіміз әрбір талдықорғандық үшін ашық. Тілек білдірушілер кез келген уақытта нотариаттық палатаға жүгініп, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады», – деді Арман Сейітжапарұлы.
Акция барысында тұрғындар өздеріне қажетті ақпараттарды алып, заңгерлер берген жауапқа да дән риза болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алда «Нотариус кеңес береді» атты акция дәстүрлі түрде өткізіледі.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ