ЖАС САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

0
290

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Көктем-2024» шақырылымы сарбаздарының Ант қабылдау рәсімі өтті.

Ауқымды шараға жергілікті құзырлы органдардың басшылары, сарбаздардың ата-ана, туған-туыстары қатысты.
Төрт жүзге жуық сарбаз Отан алдында Ант қабылдағаннан кейін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Нарбаев жас сарбаздардың әскери қызметтеріне ақ жол тіледі. Құттықтау сөз жауынгерлердің ата-аналары мен жас сарбаздарға да берілді.
Салтанатты шараның соңы өнерлі әскери қызметшілердің концерттік ән шашуына жалғасты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ