БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

0
702

Жетісу өңірінде журналистика саласын дамыту мақсатында алдағы уақытта есімі елге танымал журналист Бейсен Құранбектің есімімен аталатын арнайы мектеп ашу жоспарлануда. Бұл туралы Журналистер үйінде өткен брифингте белгілі болды.

Баспасөз мәслихатында ағымдағы жылы жоба аясында 150 журналист кәсіби біліктілігін арттыратыны, бұл өңірдің медиа саласындағы жас мамандарды даярлау бағытындағы жақсы бастаманың біріне айналатынын айтты жоба үйлестірушісі.
Бастама Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Аяулы алақан» қоғамдық қорымен ұйымдастырылған. Әлеуметтік жоба өңірдегі БАҚ өкілдерінің, баспасөз қызметкерлері, блогерлер мен журналист-студенттердің кәсіби және сараптамалық әлеуетін біліктілігін арттыруға, облыста өңірлік журналистер пулын құруға бағытталады.
«Аяулы алақан» қоғамдық қорының қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Жансерік Байденовтың айтуынша, оқыту бағдарламасы кезең-кезеңмен «Медиа сауаттылық, медиа этика», «Дата журналистика и фактчекинг» «Мультимедиялық журналистика», «Мобилография негіздері», «Копирайтинг» бағыттары бойынша оқыту курстары бойынша ұйымдастырылады. Оқыту курсының тыңдаушылар арасында 10 адамға «Үздік журналистикалық сараптама жұмыстарының авторы» ретінде 20 мың теңге ақшалай сыйлықтар және диплом беру қарастырылған. Жалпы жүлде қоры 200 мың теңге.
Жобаның тағы бір маңызды тұсы 100 мың теңге көлемінде Бейсен Құранбек атаулы бір реттік шәкірт ақысын тағайындау болып табылады.
Жоба үйлестірушісі Ақжелең Рахатдинқызының сөзінше, Б. Құранбек атындағы журналистер мектебін құру танымал журналист туралы естеліктерді сақтап қана қоймай, қоғам игілігіне қызмет ететін жаңа кәсіби журналист мамандарды әзірлеуге жол ашпақ.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ