РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

0
227

Бейжіңде өткен FIRST Lego League робототехника бойынша ұлттық чемпионат аяқталды. Чемпионатқа Қазақстан құрамасы қонақ ретінде қатысты.

Оқушылар «Өнердегі инновация» тақырыбында LEGO-дан робототехника әзірлемелерін даярлап, фокустар көрсету бағдарламасы орнатылған интерактивті роботтар құрастырды. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6-10 жас аралығындағы 238 команданың арасында күміс жүлдеге қол жеткізіп, екінші орынды иеленді.
Дәл осы күні Алматы қаласының жас инженерлері Сиднейде First Lego League Challenge санатындағы Asia Pacific Open Championship чемпионатында беделді Motivate Award жүлдесін жеңіп алды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ