ҰБТ-ДАН ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАҒАН ТҮЛЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

0
88

Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған түлектерді қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

Кездесуге түлектермен қатар олардың ата-анасы және мектеп директорлары қатысты. Өз кезгінде аудан басшысы 2023-2024 оқу жылында 446 оқушы мектеп бітіргенін, оның 28-і Алтын белгі иегері екенін айтты. Сонымен қатар, жоғары балл жинаған оқушылардың ата-аналарына деген ілтипатын білдіріп, арнайы Алғыс хат табыстаса, балаларға естелік сыйлық тарту етті.
Аудан бойынша ҰБТ-дан Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебінің оқушысы Айдана Даулетқызы 136 балл жинап, көш бастап тұр. Сонымен қатар, Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гиназиясының оқушысы Аяулым Шаймарден 134 балл, Медейбай Құрманов атындағы №2 орта мектебінің оқушысы Шыңғыс Хабилбол 133 балл, Б. Құндақбаева атындағы №1 орталау мектебінің оқушысы Әділет Оразғалиұлы, Мұқаншы орта мектебінің оуқшысы Қаракөз Мұратқызы 132 балл, үш бірдей оқушы 131 балл, тағы бір оқушы 130 балл жинады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ