ШЕКАРАШЫЛАР ТІЛ БІЛІМІНЕН СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ

0
193

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жеке құрамымен Жетісу облысы Тіл оқу-әдістемелік орталығы мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша В2 ортадан жоғарғы деңгей, В1 орта деңгей бойынша емтихан қабылдады.

Шараға екі жүзге жуық шекарашы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Оқытушы Аслан Қалибековтың сөзінше, орталықтың ұстаздар қауымы шекарашылармен қызықты әрі сапалы оқу үлгісін көрсетуде. Тіл дағдысын үйретуге арналған сабақтар өткізеді. «Тіліміз бен шекарамыз мығым болса қазақ тілінің мәртебесінің өсетіні сөзсіз. Болашақта да табысты жұмыстарды бірге атқаратынымызға сенімдімін», – дейді ол.
Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді оқыту болғандықтан, облыс көлемінде тіл оқыту орталықтарының міндеті ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді тегін әрі сапалы оқыту болып табылады. Аталған іс-шара аясында шекара сақшыларының арасында тіл саясатын сауатты дамыту да кеңінен қолданыста.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ